Kyzylorda-news.kz. Волонтер жастар «Dalatex» ЖШС демеушілігімен Қызылорда қаласындағы мыңнан қоғамдық көлік жолаушыларына тегін медициналық бетперделер (маска) таратып, әр жолаушыға коронавирус инфекциясын алдын алу жолдары көрсетілген үнпарақтар үлестірді.

«Dalatex» компаниясы қала еріктілерімен бірге күн сайын мың дана тегін медициналық бетперделер таратуды қолға алуда.

Елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде ерекше қолдау көрсетіп жүрген «Dalatex» ЖШС-іне барша қызылордалықтардың атынан зор алғысымызды білдіреміз.

Бұған дейін де волонтерлық топ 25 наурыз күні қала орталығындағы базарлар мен сауда орындарында және темір жол вокзалы мен автовокзалда тегін медициналық бетперделер таратқан болатын.

Тағы да оқыңыз: