Қызылордалық тұрғыннан ақбөкен мүйізі табылды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық тұрғыннан ақбөкен мүйізі табылды

18.02.2020, 16:40

483 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қала тұрғынынан 4 дана ақбөкен мүйізін тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

Айта кетсек, 10-17 ақпан аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға арнайы мобильді топ құрылып жұмылдырылды. Атап айтқанда, биыл 12 ақпанда Қазалы ауданының тұрғынынан 4 дана ақбөкен жануарының мүйізі анықталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ Арал ауданының тұрғыны 15 ақпанда көше бойында тоқтатылып, қолындағы күмән тудырған полиэтилен пакеттен 4 дана киік мүйізі анықталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Осыған сәйкес, Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.

0

Пікір қалдыру