Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында түнгі сағат 02-00 шамасында Ақмешіт шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Қызылордалық полицейлер қала тұрғынын ажал аузынан аман алып қалды.

Аталған аумақты шолып жүрген патруль экипажы жанып жатқан пәтерді байқап, дереу көмекке ұмтылған. Полицейлер есікті балтамен сындырып, иіс тиіп ес-түссіз жатқан 55 жастағы әйелді сыртқа алып шығады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оны жансақтау бөліміне жеткізіп, тұрғынның өмірін сақтап қалды.

«Полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен батылдығының арқасында барлық подъездегі адамдар шығарылып, өрттен қала тұрғыны құтқарылды», – дейді ҚПБ бастығының бірінші орынбасары Азамат Оспанов.

Тағы да оқыңыз: