Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына аймақ халқы белсенді қатысуда. Қазіргі уақытқа дейін яғни сағат 11:00-де сайлаушылардың 28,8 пайызы өз таңдауын жасады. Яғни, 141983 адам дауыс берді.
Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.Жалпы, облыста сайлаушылардың саны – 492198. Бұл аймақ халқының 60,7 пайызы. Өңірде 376 сайлау учаскесі бар.
Сайлау комиссиясының 2821мүшесі қызмет көрсетуде. Оның 1128-і арнайы оқу курстарынан өткен болатын. Аймақта 13 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі сайлаушы бар. Олардың учаскеге келіп, өз таңдауын жасауы үшін 30-ға жуық инватакси қызмет көрсетуде.
Айта кетейік, қарт кісілер және науқастығы бар азаматтар үшін жылжымалы жәшік қызмет көрсетуде.
0