Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері боранды түнде жолда бұзылған көліктің жүргізушілеріне көмек беріп, көліктерінің техникалық ақауларын жөндеуге көмектесті.

Бұдан бөлек, олар боранды күні жоғалған азаматты аман-есен тауып, туыстарына тапсырды.

Шиелі ауданы Ақмая ауылының тұрғыны ағасының жоғалғаны жөнінде учаскелік полиция инспекторына айтып, көмек сұрады. Жоғалған бауырын тауып беруді өтінген азаматша оның жүйке ауруымен ауыратындығын айтқан.

Жоғалған адамның жағдайын ескере келе, полиция бөлімінің жеке құрамы толықтай іздеу жұмыстарына кірісті. Облыста 23 қаңтар күні ауа-райы кенеттен бұзылды. Боранды күні ауданның барлық ауылдары мен далалық жолдары, вокзал маңы, орман алқаптары түгел қамтылды. 

Жоғалған азамат Бидайкөл ауылындағы көпір жанынан табылып, туыстарына аман-есен тапсырылды. Өз кезегінде ағасының табылғанына қуанған азаматша тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Тағы да оқыңыз: