Kyzylorda-news.kz. Қайырымдылық – ізгіліктің анық көрінісі. Ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, алдыңғы шепте жүрген полицейлер мұқтаж жандарға, аз қамтылған отбасыларға әрдайым көмек беріп келеді.

Бұл ретте, қасиетті Рамазан айында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы басшылығының бастамасымен қызметкерлер әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп, көмек берді.

Тәртіп сақшылары екі мүгедек бала тәрбиелеп отырған көмекке мұқтаж жалғызбасты әйелдің үйіне барып, қажетті азық-түлік, балаларына түрлі сыйлықтар сыйлады.

Өз кезегінде бұл азаматша әлеуметтік желі арқылы полиция қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдіріп, қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі.

Тағы да оқыңыз: