Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 5 шілдеден бастап екі аптаға карантин шектеулері енгізілді. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтатылып, қоғамдық көліктің жұмысы уақыт бойынша шектеледі.

Тұрғындардың көшелерде, саябақтарда, скверлерде 3 адамнан артық серуендеуіне және 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуына шектеу қойылды. Шектеу шаралары шеңберінде қызылордалық полицейлер тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қала бойынша, сондай-ақ жеке сектордағы үйлерге автопатруль қызметі жұмысын бастады. Полиция қызметкерлері қалада шектеу шараларының сақталуын бақылауда.

Карантин режимін бұзған жағдайда құқық бұзушылар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл ретте Қызылорда облысының Полиция департаменті енгізілген шектеу шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Тағы да оқыңыз: