Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының Полиция департаменті отбасылық институтын, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде және қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау аясында «Халықаралық отбасы күні» мерекесін атап өтті. Іс-шараға Департаменттің Ардагерлер кеңесі де атсалысып, қатысты. Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды.

«Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстығына, суығына бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Сол отбасынан үлкен өмірге қадам басамыз. Біздің өмірге түзу қадам басуымызда отбасының орны ерекше. Сіздерді шын жүректен мерекемен құттықтаймын! Отбасы күні баршаңызға амандық әкелсін және баянды отбасылық бақыт тілеймін!»,- деп келген қонақтарды мерекемен құттықтады Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Дәурен Ибраев.

Отбасы–шағын мемлекет. Өз болмысы, өз ерекшелігі, өз ережесі, өз дәстүрі, өз қағидасы бар. 12 қыркүйек «Отбасы күні» мерекесіне орай және тәуелсіз еліміздің тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп, адал қызмет атқаратын ұлдарды тәрбиелеп өсірген ата-аналар Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Өз кезегінде қызметкерлердің ата-аналары Департамент басшылығына осындай ерекше мейраммен құттықтап, елеп жатқандарына алғыстарын  білдірді.

Тағы да оқыңыз: