Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан наркология орталығының емделушілері арасында «Мен саған өз өмірім жайлы айтып беремін» тақырыбында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылды.

Сайысқа барлығы 20 емделуші қатысты. Қатысушылардың көпшілігі жалпы өмірбаянын жазумен шектелсе, өз өмірінде жасаған олқылықтары жайлы жазғандар да  жоқ емес.

«Барлығының балалық шағы жақсы өткен, басым көпшілігі отбасын құрып балалы болған, ал сонан соң туындаған қиыншылықтар, болмаса өздерінің немқұрайлылығына байланысты ішімдікке, нашақорлыққа салынған. Көпшілігі жоғары, арнайы орта оқу орындарын бітіріп, кезінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған тұрғындар. Қазіргі таңда жалғыз екендігін көрсетсе, кейбіреулері отбасымен бірге тұратынын атап өткен. Соңғылары балалары мен немерелері, олардың жетістіктері жайлы жазған», – дейді ұйымдастырушылар.

Байқаудың барлық қатысушылары арнайы дипломмен марапатталып, сыйлық табысталды.

Тағы да оқыңыз: