Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың 15-18 маусым күндері аралығында Қызылорда облысы Арал ауданы көлемінде өтіп жатқан «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» атты акциясы барысында Арал АПб-нің ювеналды полиция тобының инспекторлары учаскелік полиция инспекторлары және білім бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Акция барысында Арал ауданы Полиция бөлімінің профилактикалық есебінде тұратын азаматтармен жеке-жеке сұхбаттасу жүргізіліп, аудандағы сауда орталықтары мен денсаулық сақтау орындарында отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын-алу мақсатында арнайы жадынамалар таратылып, плакаттар ілінді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Тағы да оқыңыз: