Қызылордалық NIS оқушылары жеңіске жетті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық NIS оқушылары жеңіске жетті

19.04.2021, 17:53

577 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Жас биолог» республикалық ғылыми-танымдық сайыста «Ең үздік топ» атағын жеңіп алды.

Арайлым Әшірмет, Баймырза Әбдірәсіл, Нұрай Бақытжанқызы, Бекжан Бектұрған және Бегім Қуанышбек бір жыл бойы «Биолог» анықтамалығының ұсынған тапсырмаларын белсенді орындады.

Ал қорытынды топтар сайысында жас өрендер ұсынылған сұрақтардың барлығына нақты әрі дұрыс жауап бере отырып, жоғары академиялық білімдерімен және танымдық қабілеттерімен ерекшеленіп, жеңіске жетті.

0

Пікір қалдыру