Қызылордалық мемқызметкерлер абақтыны аралады – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық мемқызметкерлер абақтыны аралады

27.02.2020, 9:40

537 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорданың мемқызметкерлері топ болып түрмеге барып, ондағы жағдаймен танысып жүр.

Бұған дейін аймақтағы бірнеше мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері абақтының ішіндегі өмірмен танысып қайтқан болатын. Бұл жолы Қызылорда облыстық маслихат пен қаржы басқармасының 30-дан аса мемлекеттік қызметшілері ЗК-169/1 мекемесінің тергеу изоляторында болды.

Мемлекеттік қызметшілер қамауда ұстау шарттарымен танысып, аталған изолятордың карантин, изолятор, асхана және изолятор камераларын аралап, ондағы тұрмыс-тіршілікті көріп қайтты.

Мекеме бастығы, әділет полковнигі Алмат Тасқараев мемлекеттік қызметшілерді отбасының және қызметінің қадірін түсініп, бағалауға шақырды.

«Төрт жарым жылға сотталдым, қылмыс істегеніме өкінемін және тезірек бостандыққа шығудан үміттімін», – деді сотталушы.

«Сотталушылармен сөйлестік, жағдайын сұрап, не үшін сотталғанын өзіміз үшін біліп көрдік. Біздің негізгі мақсатымыз – ондайға жол бермеу және қайталамау. Өзіміз көріп отырмыз, шынын айтқанда, бірінші рет көргендіктен жүрекке ауыр. Жалпы мемлекеттік қызметкер болғандықтан, Әдеп кодексін сақтап, сыбайлас жемқорлыққа ешқандай қылмыс жағынан ойламай таза жұмыс жасау керек», – деді Қызылорда облыстық қаржы басқармасының бөлім басшысы Нұрланбек Ердіқалықов.

Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру болып табылады.