Kyzylorda-news.kz. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай Атырау облысында жалпы білім беру ұйымдарының басшылары арасында алғашқы рет І республикалық дебат турнирі өтті.

Мектеп директорларының басын қосқан турнир дебаттың Американдық парламенттік форматына сәйкес офлайн форматында өткізілді.

Республикалық турнирге аймақ атынан облыстық кезеңінен жеңімпаз атанған Қызылорда қаласы №101 мектеп-лицей директоры Айгүл Өткелбаева және №4 ІТ мектеп-лицей директоры Алмат Рахметов қатысып, бақ сынасты.

Сайыстың қорытындысы бойынша Қызылорда облысының намысын қорғаған «Ұшқыр жебе» фракциясы жүлделі 3 орынды иеленіп, Сыр ұстаздарының мерейін үстем етті.

Тағы да оқыңыз: