Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан қаласында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық «Рухани қазына – 2020» фестивалі өтті.

Шараға Қызылорда облысынан бірқатар мәдениет ұйымдары мен сала мамандары қатысты.

Фестивальде «Үздік облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана» номинациясымен Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы марапатталды. Ал «Үздік музейлік онлайн жоба – 2020» номинациясын Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі ие болды. «Үздік ауылдық мәдениет үйі, клубы» номинациясын – Жалағаш ауданы, Аққұм ауылдық клубы еншіледі. «Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясымен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі марапатталды. Ахмет Жұбанов атындағы арнайы жүлдені – Қазалы аудандық мәдениет орталығының директоры Өтеп Кемеңгер жеңіп алды.

Бұл марапаттар Сыр мәдениетінің дамуы мен өркендеуінің, жасалған нәтижелі жұмыстың жемісі.

Тағы да оқыңыз: