Қызылордалық кәсіпкерлер «Сауда үздігі – 2019» байқауының жеңімпазы атанды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық кәсіпкерлер «Сауда үздігі – 2019» байқауының жеңімпазы атанды

29.11.2019, 9:40

511 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасында «Сауда үздігі – 2019» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Республикалық байқауға түрлі номинациялар бойынша Сыр бойынан 7 кәсіпкер қатысып, оның 6-ы жеңімпаз атанды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «Атамекен» ҰКП мен Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығының бірлесіп өткізген байқауы биыл Павлодар қаласында өткен болатын.

Байқаудың мақсаты – кәсіпкерлердің кәсіби қызметіне жоғарғы баға берумен қатар Қазақстанның сауда кәсіпорындарының үздік басшыларын анықтау, сервис деңгейін және қызмет көрсету сапасын көтеру, еліміздегі сауда саласына заманауи формаларды енгізу болып табылады.

Жеті номинация бойынша өткен байқауда қызылордалық кәсіпкерлер төмендегідей жүлделерге ие болды.

«Үздік сауда базары» номинациясы бойынша Жаңақорған ауданының «Нұр» базары ІІ орынға, Қызылорда қаласындағы «Сәулет» базары ІІІ орынға ие болды. Ал «Үздік сауда-ойын сауық орталығы» номинациясы бойынша «Энергомера» ЖШС ІІІ орынды қанжығаға байлады. «Үздік жол бойы сервисі» номинациясы бойыншаҚазалы ауданындағы ЖК «Байсуганова А» І орынға, Қармақшы ауданындағы ЖК «Рагибаева Г», «Ақсарай» кешені ІІІ орынға ие болды. «Үздік демалыс аймағы» номинациясы бойынша ІІІ орын «Кристал строй-KZ» ЖШС-нің «Sultan Plaza» қонақ үй кешеніне бұйырды.

Жеңімпаздардан өзге, қазалылық жеке кәсіпкер Гүлзат Білсариева Павлодар облысы әкімінің «Алғыс хатымен», ұйымдастыру жұмыстарында белсенділік танытқан Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатоваға Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығының 20 жылдыққа арналған мерейтойлық статуэткасы және грамотасымен марапатталды.

0

Пікір қалдыру