Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында күріш және бақша егетін екі шаруашылық мемлекеттік кірістер департаменті салған ірі көлемдегі айыппұлды төлеуге қаржы таппай отыр.

Бесарық ауылындағы серіктестік 400 гектардан астам күріш егеді. 120 адамды жұмыспен қамтып отыр. Лизингке жаңа техникалар алуымен қатар, елді мекеннің де гүлденуіне үлес қосып келеді. Соңғы жылы ғана аяқтан тұра бастаған қожалықтың жылдық жиынтық табысы белгіленген мөлшерден асып кетіп, қосымша құн салығына уақытылы тіркелмегені үшін 21 миллион теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болып отыр. Бақша өнімдерін экспортқа шығарып отырған Жалағаш ауданындағы шаруашылық та дәл осындай жағдайға тап болған. Осы ретте облыстық кәсіпкерлік палатасы пандемия кезінде кәсіпкерлерге қолдан келгенше қолдау көрсетілу қажет деп ұсыныс білдіріп отыр. Жасұлан Серіков,

“Ұсынысымыз Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлермен жұмыс істейтін кезде егер де олардың тарапынан заң бұзушылық немесе белгілі бір фактілер болса дұрыс емес, оны уақытылы хабарлап отырып, алдын алу жұмыстарына көбірек назар аударса екен дейміз. Сол мезетте аз шығынмен, аз айыппұлмен шығып кету мүмкіндігі бар. Кез келген мемлекеттік орган кәсіпкерлермен жұмыс істеген кезде олар қанаушы орган сияқты позицияны қойып, қолдаушы орган ретінде Мемлекет басшысы айтатындай, әрбір жұмыс орны маңызды. Соны сақтап қалуға барынша тырысу керек деген сияқты позицияны ұстанып, жұмыс істесе екен деп тілейміз”,- Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы.

[Хабар 24](https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/428383-yzylordaly-k-sipkerler-iri-k-lemdegi-ajypp-l-t-leuge-m-zhb-rҚолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz)

Тағы да оқыңыз: