Kyzylorda-news.kz. Бүгін жеке кәсіпкер, Қазалы ауданының тумасы Саламат Талқанбай Қазалы ауданаралық ауруханасына қажетті құрал-жабдықтарды тарту етті.

Атап айтар болсақ, Саламат Нұрманұлы қазіргі таңда «Covid-19» инфекциясы мен пневмонияны емдеуге қажетті оттегі концентраторы мен медициналық оттегі баллонын ауруханаға әкеліп тапсырды.

Туған жерге жанашырлық танытқан азаматтың оттегі жеткізуші аппараттарын аудандық аурухананың қызметкерлері қабыл алды. Қазалы ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Бақыткүл Әлішева жерлес кәсіпкерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, медициналық оттегі баллонының тиімділігін атап өтті.

Айта кетейік, оттегі жеткізуші аппаратының құны 600 мың теңгені құраса, тиімділігі мол медициналық оттегі баллоны 350 мың теңге тұрады.

Тағы да оқыңыз: