Kyzylorda-news.kz. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясындағы «Ана бақыты – Отбасы» тақырыбындағы Сыр аналары арасындағы үздік бейнеролик байқауының жеңімпаздары анықталды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филилы бұл байқауды «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Төтенше жағдай кезінде отбасы бірлігін сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу сондай-ақ, әйел аналардың отбасындағы орны мен мерейін арттыру, олардың өнегелі істері арқылы болашақ ұрпаққа тәрбие беру мақсатында ұйымдастырған.

“Ресейлік әлеуметтанушылар мен психологтардың болжауынша карантин көптеген отбасылық жұптардың отбасылық өміріне қанағаттанбаушылық, немқұрайлық көзқарас тудырып, ажырасуға итермелеген. Біз осыны ескере келе, қазақ аналарының отбасы құндылықтарын сақтаудағы өзіндік ерекшелеріктерін дәріптеуге, олардың мерейін үстем етуді жоспарладық. Байқаудың тақырыбы «Ана бақыты -Отбасы»,- деп аталуының өзі ана мен отбасы егіз ұғым екенін дәлелдейді”, – деді облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова.

“Байқау 45 жасқа дейінгі Сыр аналары арасында ұйымдастырылған. Оларға «Ана бақыты – Отбасы» тақырыбында 3 минуттан аспайтын бейне жазба арқылы отбасылық маңызы бар өзіндік тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік берілген. Байқау жарияланған бір ай уақытта партия филиалына 60-тан астам бейнероликтер келіп түскен. Үздіктерін анықтау оңайға соқпады”, – дейді қазылар алқасының мүшесі, «Qyzyzlorda» облыстық телеарнасының редакторы, ақын Толқын Қабылша.

Жалпы қазақ қоғамында «Әйел – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген тағылымды сөз бар. Бұл әйел азаматтардың – отбасының ұйытқысы, отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы екенін білдірсе керек. Осындайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының: «Әйел шексіз құдірет иесі. Тарих тағылымында ең айтулы өзгерістердің барлығы әйелдердің қолымен немесе әйелдер үшін жасалады», – деген сөзі еске оралады. Шыны керек байқауға қатысқан аналардың барлығы отбасындағы ананың рөлін ашуға тырысқан.

“Дегенмен, сайыс болған соң ең мықтылары оза шабатындығы анық. Мәселен, Жалағаш, Шиелі, Сырдария аудандарынан қатысқан аналар тақырыпты аша білген. Қазылар алқасы тиісінше жүлделі орындарды да бөліп берді”, – дейді Толқын.

Сонымен қазылар алқасының шешімімен Жалағаш ауданы, Аққұм ауылының тұрғыны Райкүл Ибадуллаева I орынды, Жалағаш ауданы, Шәменов ауылының тұрғыны Ақниет Қазбек пен Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылының тұрғыны Ляззат Досымова II орынды, ал, Қызылорда қаласынан Айнұр Қожаниязова, Сырдария ауданы, Шіркелі ауылынан Мереке Жайсаңбаева мен Салтанат Дәуіржановалар III орынды қанжығалады.

Жеңімпаздар «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының арнайы алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен марапатталмақ.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында, «Ана бақыты – Отбасы» тақырыбындағы Сыр аналары арасындағы үздік бейнеролик байқауы бүгін өз мәресіне жетті.Байқаудың негізгі мақсаты қоғамдағы әйел аналардың отбасындағы орны мен мерейін арттыру, олардың өнегелі істері арқылы болашақ ұрпаққа тәрбие беру.Байқау қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен 1 орынды Ибадуллаева Райкүл, лайықты деп танылды. Байқау жеңімпаздарына облыстық филиал басшылығы тарапынан бәске тігілген бағалы сыйлықтар табысталады.Ал ендеше байқау жеңімпаздарының бейнеролигін өздеріңізге ұсынамыз!#NurOtan#NurOtanQyzylorda#Bakyttyotbasy#Бақыттыотбасы

Опубликовано Nur Otan Қызылорда облысы Вторник, 2 июня 2020 г.

Тағы да оқыңыз: