Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлерге салықты жеңілдету ұсынылды – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлерге салықты жеңілдету ұсынылды

28.04.2021, 10:40

786 0

Kyzylorda-news.kz. Мәжіліс депутаттары әлеуметтік кәсіпкерлерге салық жеңілдіктерін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz.

Депутат Екатерина Смышляева заң жобасының басты мақсаты әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік шараларды шоғырландыру екенін атап өтті.

«Атап айтқанда, депутаттар әлеуметтік кәсіпкерлерге салық салынатын табысты салық салуға байланысты кірістерді екі есеге азайту, халықтың әлеуметтік осал санаттарын оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлауға кеткен шығындарды екі есе азайту бөлігінде салықтық жеңілдіктер беруді ұсынды. Бұл нормаларды енгізу арқылы біз кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін кеңейтеміз», – деді Екатерина Смышляева мәжіліс отырысында.

Бұл қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында жасалуы керек екенін айтты депутат. 

«Кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға кететін шығындар үшін жұмыс берушілерге салықтық жеңілдіктер ұсыну олардың жұмыспен қамту мәселелерін шешуге және осы топтағы жұмысшылардың құзыреттілігін арттыру процесінде жеке инвестицияларды тартуға қатысуына ықпал етеді, бұл бүгінде негізінен бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады», – деп толықтырды депутат.

Сондай-ақ, депутаттар бірінші оқылымда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша түзетулер жобасын мақұлдады. Депутат Смышляеваның айтуынша, жүзге жуық әлеуметтік субъектілерге салық салу жеңілдетілген.

Мәжіліс «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы қызметі қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған кәсіпкерлік субъектілеріне анықтама береді. Негізгі заң жобасы үш кодекс пен екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

0

Пікір қалдыру