Қызылордаға «Pfizer» вакцинасының 81900 дозасы жеткізілді – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордаға «Pfizer» вакцинасының 81900 дозасы жеткізілді

20.12.2021, 17:20

401 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде өңірімізде эпидахуал тұрақты. Күніне 1-2 жағдай тіркелуде. Өткен тәулікте 1 адам пневмония ауруымен науқастанып, ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов мәлімдеді.

Дегенмен, сақтық шараларына аса мән беру қажеттігі айтылды. Қазіргі кезде вакцинациялаудың І-компоненті бойынша 92 пайыз, ІІ-компоненті бойынша 82,4 пайыз орындалды. Ревакцинациялаудан аймақ тұрғындарының 5400-ден астамы өтті. Жалпы, ревакцинациялау организмдегі антиденені белсендіру болып табылады.

«18 желтоқсанда облысқа «PFIZER» вакцинасының 81900 дозасы жеткізілді. Спутник арқылы Америкадағы зауыттан температура режимнің толық сақталғандығына тексеру жүргізіліп, салуға рұқсат берілді. Бүгін ғана барлық емханаларға таратылып жатыр. Ал бұған дейін жеткізілген «PFIZER» вакцинасының алғашқы партиясы яғни 11700 дозасының барлығы игерілді», – деді Ж.Мырзагелдіұлы.