Kyzylorda-news.kz. Қызылордаға өкпені жасанды желдету аппаратын әкелу үшін халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнады.

Қызылорда облысында аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасымен өңірді қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Республикалық бюджет есебінен өкпені жасанды желдетуге арналған 68 аппаратқа қосымша тапсырыс берілді.

Сонымен бірге, жақын күндері демеушілік көмек ретінде Түркия мемлекетінен 10 ӨЖЖ аппараты ауруханаларға жеткізілетін болса, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы тарапынан Байқоңыр қаласындағы ауруханаға 1 аппарат әкелінетін болды.

Облыс ауруханаларында бүгін жұмыс істеп тұрған өкпені жасанды желдету аппараттарының саны – 64. Оның 29-ы — қалада, 25 аппарат – аудандық ауруханаларда орналасқан.

Тағы да оқыңыз: