Kyzylorda-news.kz. 18 желтоқсанда Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында 2020-2021 оқу жылында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде іріктеу конкурсына құжаттарды қабылдау басталды.

Іріктеу конкурсына қатысатын әрбір үміткер төменде көрсетілген тізім бойынша тиісті құжаттарды 2020 жылғы 31 қаңтарына дейін қабылдау комиссиясына тапсырулары қажет.

Құжаттар тізімі:

  • Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру;
  • Сауалнама толтыру;
  • Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткер ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
  • 086/у медициналық анықтама формасы;
  • Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек. (Ескерту: құжаттарды 6-сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5-сыныптың табелі қабылданады, 6 сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6 сыныптың 1-ші жарты жылдық табелі қабылданады).
  • Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті. (Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксеро көшірмелеу әдісімен жасалынған суреттер қабылданбайды).

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.

Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты: Дс-Сб – 09.00-18.00, Жб – 10.00-15.00 аралығында, үзіліс – 12.30-13.30.

Мекен-жайы: Қызылорда қ., СұлтанБейбарыс к. 6,

Тел.: 8 (7242) 55-11-52.

Тестілеу 2020 жылғы 14-15 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.

Тағы да оқыңыз: