Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры лауазымына Абайбек Талғатұлы Жүнісов тағайындалды.

Абайбек Талғатұлы өзінің еңбек жолын 1995 – 2000 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекетткі университетінде оқытушы қызметінен бастады. 2000-2002 жылдары «Мелиорация және гидроэкология» кафедрасы аға оқытушы. 2002-2003 жылдары оқу-әдістемелік бөлімінің бас әдіскері.

2003-2004 жылдары. оқу процесін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 2004 – 2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректоры кеңесшісі. 2005-2007 жылдар аралығы оқу – әдістемелік басқарма басшысы. 2007-2008 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

2008-2010 жылдары Болашақ университетінің ректоры. 2010-2011 оқу жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры. 2011-2018 оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректоры, 2019 жылдан бастап осы уақыт аралығына дейін Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымын абыроймен атқарып келді.

Тағы да оқыңыз: