Қызылордадағы «Айтбай» мешітінің жанында жаңа ғимараттың іргетасы қаланды (ФОТО) – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордадағы «Айтбай» мешітінің жанында жаңа ғимараттың іргетасы қаланды (ФОТО)

19.03.2020, 17:10

190 0

Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имам бастаған қала имамдары «Айтбай» мешітінің жанынан салынып жатқан жаңа ғимараттың іргетасын қалау рәсіміне қатысып, құрылысын бастап берді. Айта кетейік, аталмыш ғимаратта дәрісханалар мен  қызметкерлер бөлмесінің болуы қарастырылған.

Бұдан кейін, имамдар мешітте жаңадан орнатылған «QIWI» терминалының іске қосылуына куә болды. Осыған дейін облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде де терминал орнатылғанын юолатын.

Енді, тарихи мешітке келген жамағат та садақаларын терминал арқылы мешіт есепшотына тікелей аудара алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сыр имамдары ел амандығы үшін құрбандық шалып, дұға жасағанын хабарлаған болатынбыз.

0

Пікір қалдыру