Қызылордада жыл басынан бері жасырылған 46 қылмыстық дерек тіркелді – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада жыл басынан бері жасырылған 46 қылмыстық дерек тіркелді

13.09.2021, 17:40

61 0

Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың наурыз айынан бастап «Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілу» туралы ҚР Бас прокурорының бұйрығы шығарылды.

Ендігі жерде аумақтық басқарма міндеттерінің бірі болып – мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды елдегi заңдылық пен құқық тәртiбiнiң жай-күйi туралы ақпараттандыру болып табылады. Ал, уәкiлеттi орган ретінде мемлекеттiк құқықтық статистика сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына дейінгі қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу және есепке алу туралы заңнаманың қолданылуына қадағалауды жүзеге асырмақ. Осы орайда, облыс бойынша құқық қоғау органдарымен жүргізіліп отырған құқық бұзушылыққа қатысты есепке алу-тіркеу тәртібінің жай-күйін қылмыстық қудалау бөлімшелерінің прокурорларымен бірлесіп тексерулер жүргізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқарманың қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Қанат Жалғасов мәлімдеді.

Айта кету керек, хабарламаларды тіркеу және есепке алу кезінде жасырылған қылмыс бойынша жыл басынан бері 46 дерек тіркелді. Жасырылған қылмыстың дені ұрлық деректері. Ал осының 90 пайызы ішкі істер органдарының қызметіне қатысты болып отыр. Сонымен қатар, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу және есепке алу заңнама талаптары бұзылған жағдайға кезіксеңіз аталмыш басқармаға хабарласып, шағымдануыңызға болады.

0

Пікір қалдыру