Kyzylorda-news.kz. Жаз – суға түсуге қолайлы мезгіл. Алайда, қауіптілігі тіптен жоғары. Әсіресе, кәмелетке толмаған балалардың үлкендерсіз дария, каналдарға барып, суға шомылуы жағдайды ушықтыратыны анық. Биылдың өзінде 20 бала суға кетіп, көз жұмды. Бұл туралы толығырақ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.

«Түсіндерме жұмыстардың бірі ол – ата-аналармен байланыс орнату. Қала аумағында орналасқан 54 мектептің ата-аналардың келісімімен WHATSAPP желісінде топтар ашылды. Онда күнделікті судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады», – дейді Р.Қайрақбаев.

Сондай-ақ, онлайн режимде облыстың 263 оқушысына «Судағы қауіпсіздік ережелері», «Суда (мұзда) зардап шегушілерді құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері» бойынша 13 интерактивтік сабақ өткізілді. Мектеп басшылары мен мұғалімдеріне онлайн арқылы судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде сабақ өткізілді.

Жыл басынан облыс аумағында жазғы суға шомылу маусымына байланысты суға шомылуға тыйым салынғаны туралы 286 тақтайша және 97 билбордтар мен көрнекілік тақтайшалар орнатылды.

Тағы да оқыңыз: