Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды.

Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында  24 мамыр күні түнгі уақытта Сырдария ауданы көшелерінің бірінде полиция қызметкерімен жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлік «Volkswagen Golf» тоқтатылды. Автокөлікті басқарған 42 жастағы аудан тұрғыны мас күйінде болды. Анықталғаны, бұл азамат сот шешімімен 27 тамыз 2020 жылы 7 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді. 

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші ауданның полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына  қамалды.

Бұл орайда, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері  облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.

Тағы да оқыңыз: