Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері жолаушы тасымалдайтын 108 көлік жүргізушісі заң талаптарын бұзған.

Жолаушыларды тұрақты тасымалдауға арналған куәлік, жолаушылардың тізімі, рейс алдындағы техникалық тексеруден өткендігін жөніндегі құжат болмауы, жолаушыларды билетсіз тасымалдау cекілді деректер анықталды. Ереже бұзғандарға әкімшілік шара көріліп, айыппұл салынды.

«Аудан, ауылдарға қатынайтын такси тасымалы қызметі бір жүйеге келтірілмеген. Сыйымдылығы 10 орыннан жоғары шағын спринтер және автобустар жолаушыларды заңсыз тасымалдауда. Автокөліктерде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркейтін бақылау құрылғысы орнатылмағандары да бар. Инспекция аталған мәселелерді жүйелі түрде шешу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, тиісті шаралар қабылдауда», – деді облыс бойынша көлікті бақылау инспекциясының басшысы Нәжмадин Шамұратов.

Инспекция такси көлігінің техникалық және жүргізушінің медициналық тексеруден өткендігін бақылайтын диспетчерлік пункт мәселесін шешуді де назарда ұстамақ.

Тағы да оқыңыз: