Қызылордада жоғалған жасөспірім қыздар Алматыдан табылды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада жоғалған жасөспірім қыздар Алматыдан табылды

04.06.2022, 10:00

410 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында екі күннен бері хабарсыз кеткен 14 және 16 жастағы жасөспірім қыздар Алматыдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полиция қызметкерлері мен туыстары іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, олар Алматы қаласынан табылды. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімдерді Қызылордаға жеткізіп ата-анасына табыстау үшін Алматы қаласына іссапарға жіберілді», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметінен.