Kyzylorda-news.kz. 10-12 қыркүйек аралығында Қызылорда облысы аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу, ескерту, жолын кесу және еңбегін қанау мақсатымен адамдарды ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтау мақсатында «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілген болатын.

3 күнге созылған шара барысында полиция қызметкерлерімен рейдтік жұмыстар жүргізіліп, қоғамдық орындарда тиісу дерегі бойынша 35 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 449-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында  пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген 2 азаматша  анықталды. Аталған деректер бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен (Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Аталған бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Тағы да оқыңыз: