Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының барлық аудандары мен қала бойынша көп жылдық жеміс-жидек дақылдары өңірдің мамандандыру схемасына енгізілді.

Инвестициялық субсидиялау бағдарламасына сәйкес көлемі 5 гектардан бастап қарқынды алма бағын және жеміс-жидек дақылдары мен жүзім отырғызу бойынша субсидиялар тек Шиелі мен Жаңақорған аудандарының шаруашылық құрылымдарына төленіп келді. Себебі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрімен бекітілген өңірдің мамандандырылған схемасына осы екі аудан ғана енген болатын.

Дегенмен, облыстың табиғи климаттық жағдайына сәйкес барлық аудандарда жеміс-жидек пен көпжылдық жүзімдіктердің екпелерін отырғызу жыл сайын ұлғаюына орай ғылыми зерттеу институттарының ғылыми негізделген қорытындары алынған болатын. Осыған сәйкес, ағымдағы жылы облыс әкімдігі тарапынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңірдің мамандандырылған схемасына Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал және Қызылорда қаласын енгізу туралы ұсыныс беріліп, басқармамен тиісті негіздемелер жолданған болатын.

Аталған ұсыныс жан-жақты зерттеліп, нәтижесінде мәселе қолдау тапты. Қазіргі уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы №182 бұйрығымен облыстың барлық аудандары мен Қызылорда қаласы бойынша көп жылдық жеміс-жидек дақылдары өңірдің мамандандыру схемасына енгізілді.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы құрылымдары отырғызатын жеміс-жидек бағының көлемі 5 гектардан бастап және одан да жоғары болған жағдайда инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша кеткен шығындардың 25 пайызы субсидияланады.

Тағы да оқыңыз: