Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Қылмыстық-Атқару жүйесі департаментіне қарасты 60 мекеменің қатысуымен «Мекемеде кенеттен өрт шыққан жағдайда қызметкерлердің алғашқы іс-қимылы» оқу-жаттығуы өтті.

Жылдық жоспарға сай өткізілген бұл іс-шара Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып атқарылды.

Шара барысында мекемеде өрт шыққан жағдайдағы жеке құрамның алғашқы жасайтын іс-әрекеті пысықталды. Нақтырақ айтар болсақ, мекеменің өндіріс аймағында орналасқан РМК «Еңбек-Қызылорда» ЖК «Әділет» пескаблок цехының алдында оқу-жаттығу өтті.

Жаттығу барысында, топ басшылардың ұйымдастырушылық қабілеті, яғни, тез арада дұрыс шешім қабылдап, өзге топ мүшелеріне уақытылы тапсырма беріп, тапсырманың орындалуы мен ұйымдастырылуын жіті бақылауға аса көңіл бөлінді. Сондай-ақ, ең бастысы жеке құрамның  өрт сөндіру тобы келгенге дейінгі алғашқы атқаратын іс-қимылдары бойынша практикалық түрде жаттығып машықтанды. Жеке құрамның өткізген оқу-жаттығу жұмыстары, тілсіз жаудың алдын алуға бағытталған дайындығына мекеме басшылығы жоғары баға беріп, мамандардың ісіне сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз: