Қызылордада жалпыреспубликалық азаматтарды қабылдау күні ұйымдастырылды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада жалпыреспубликалық азаматтарды қабылдау күні ұйымдастырылды

22.11.2019, 9:20

369 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыс әкімдігі ғимаратында жалпыреспубликалық азаматтарды қабылдау күні шеңберінде қоғамдық қабылдау өткізілді.

Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов пен облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нуридинов және басқарма басшылары жеке және заңды тұлғаларды мәселелері бойынша қабылдады.

Азаматтардың көтерген негізгі мәселелері тұрғын үй, жер кезегі, әлеуметтік сала, қайрымдылық көмек пен жұмыспен қамтуға қатысты болды. Бүгінгі қабылдауға облыс бойынша 689 адам келді.

Тұрғындардың көтерілген мәселесі мен өтініштері тек заң аясында шешімін табатын болады.

0

Пікір қалдыру