Қызылордада алаяқ зейнеткердің құндыз тонын алып кеткен – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада алаяқ зейнеткердің құндыз тонын алып кеткен

29.01.2021, 12:00

517 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 73 жастағы зейнеткер арыз түсіріп, өзінің алданғаны туралы баяндады.

Арызда ағымдағы жылдың 13 қаңтарында 250 000 теңге тұратын құндыз тонын алдап алғанын көрсеткен.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 37 жастағы бұрын сотты болған Қызылорда облысының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 бөлігі бойынша (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

0

Пікір қалдыру