**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) Биыл Қызылорда облысында мемлекеттік органдарға тексеру жұмыстары жүргізіліп, 49 заң бұзушылық анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметкерлердің заң бұзу дерегі 3,3 пайызға азайған.** Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаев мәлімдеді. > _“Орын алған заңбұзушылықтар арасында әдеп нормаларын сақтамау,жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мерзімінде және тиісінше қарамау, табыс және мүлік туралы салық декларациясын мерзімінде ұсынбағандар кездесті. Сондай-ақ, тәртіптік кеңесте 541 маман жауапқа тартылды. Мұнан өзге, мемлекеттік қызметкерлердің артық жұмыс істемеуі басты назарға алынып, 43 мемлекеттік органда компьютерлерді автоматты түрде өшіру жүйелері орнатылды”, – деді Нұрман Талқанбаев._ Сонымен қатар, сала мамандары облыс және аудан орталықтарында 250-ден астам тұрғынның қатысуымен жеке қабылдау өткізді.