Kyzylorda-news.kz. Қызылордада наурыз айынан бастап 234 мың шаршы метр аумаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Усаин Медет баяндады.

«Қазіргі таңда індеттің алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда. Оған қала, аудан әкімдіктері тарапынан қажетті қаржы бөлінді. Әсіресе, халық көп шоғырланған облыс орталығының залалсыздандыру жұмыстарына әкімдіктен бөлек әскери қызметкерлер тартылды. Әскери қызметкерлер күнделікті 50 мың шаршы метрге дезинфекция жасауда. Атап айтқанда, қалалық демалыс паркі, теміржол және автовокзал, ескі базар аумақтары және 13 көшеге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, шілде айының соңына дейін тағы 133 көшені залалсыздандыру жоспарланып отыр»,-деді сала басшысы.

Тағы да оқыңыз: