Kyzylorda-news.kz. Елімізде орын алып отырған коронавирус іңдетіне байланысты ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, ҚР Қорғаныс министрлігіне бағынысты Қызылорда облысында орналасқан әскери бөлімдердің ұйымдастыруымен қала аумағында орналасқан теміржол вокзалы мен автовокзал аумағын 26 наурыздан бастап дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда қаласында инфекция таралуының алдын алу мақсатында №66597 әскери бөлім қызметкерлері және арнайы мекемелер арқылы бекітілген кестеге сәйкес, жалпы көлемі 73,5 мың шаршы метрді болатын 46 аумақты залалсыздандыру жұмыстары күшейтілген режимде жұмыс жасауда.

Оның ішіде қоғамдық көліктер, аялдамалар, теміржол мен автовокзалдар, ірі кәсіпкерлік нысандар, базарлар және адам көп жүретін көшелер, көпқабатты тұрғын үйлер аумақтары, әкімшілік және әлеуметтік нысандарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Тағы да оқыңыз: