Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы тұрғындары мен қала қонақтарының назарына! 2021-2022 жылғы қысқа дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында 25 тамыздан 26 тамызға қараған түні Қызылорда қаласы, Қазыбек би – Қорқыт Ата көшелер қилысындағы д-500 мм ескі құбырды ажырату жұмыстарына байланысты қала бойынша ауыз су беру түнгі сағат 00.00-ден бастап таңғы сағат 06.00-ге дейінгі уақыт аралығында уақытша тоқтатылады.

Қала тұрғындарынан қажетті ауыз су көлемін жинап алуларыңызды және атқарылатын жұмыстарға түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Тағы да оқыңыз: