Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың 2 қаңтарында Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғынынан ұялы телефон ұрланғаны туралы арыз түсті. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 375 000 теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері телефон ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады. Ол 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті ұрланған ұялы телефонның қабынан, «Каспий голд» банк картасын тауып алып, супермаркеттердің бірінен 15 000 теңгеге азық-түлік сатып алған.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тағы да оқыңыз: