Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы көлемінде өтіп жатқан «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының үйінен, ауласынан және сарайынан жасыл түсті ерекше иісі бар ұнтақталған шөптер тауып, тәркіленді.

Сараптама қортындысына сәйкес алынған шөптің салмағы 4 келіден асты. Оның «кептірілген марихуана» екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: