Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері облыс орталығындағы «Қарттар үйі» ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.

«Бір тал кессең, он тал ек» деген дана бабаларымыздан қалған қағиданы берік ұстанған ұжым бір кісідей жұмылып, қолдарына күрек алып, ағаш көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмысына кірісіп кетті. Олар ауланың көгалдануына, қарт кісілердің айналасы жасыл желекке айналуына атсалысты.

Қызметкерлердің бұл игі ісіне қариялар риза болып, батасын берді, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз: