Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 100 жасқа келген соғыс ардагерін құттықтады.

Бүгін Бөрібай ақсақалды қызылордалық төтеншеліктердің атынан департамент бастығының орынбасары, полковник Саид Молдақараев бастаған қызметкерлер құттықтап, ақ батасын алып қайтты.

Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагері Бөрібай Құлманов ақсақал 100 жасқа келіп отыр.

Өзінің еңбек жолын ауылшаруашылығы саласынан бастаған ардагер 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Германия, Поляк және Белоруссия жерлерін жаудан азат етуге қатысқан.

Ұлы Отан соғысынан кейін де тағы 6 жыл Қытай мен Шығыс Түркістанда құпия миссияны орындаған майдангер еліне оралған соң өзінің еңбек жолын облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасында жалғастырады.

Жеңіс күнінде өзіне құрмет көрсеткен департамент қызметкерлеріне ғасыр жасаған майдангер батасын беріп, еңбектеріне жеміс тіледі.

Сондай-ақ, департамент қызметкерлері Ұлы Отан соғысының және Ішкі істер органдарының ардагері Жұма Демеуұлының әйелі Раиса Батырханқызын арнайы құттықтап, сый-сыяпат көрсетті.

Тағы да оқыңыз: