Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы көпқабатты үйдің екінші қабатынан екі жастағы сәби құлап кетті.

Оқыс оқиға қаладағы «Шұғыла» мөлтек ауданында болды. Ата-ана бақылауынсыз қалған сәби екінші қабаттағы терезеден құлап кетті.

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің хабарлауынша, сәби облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Айта кетейік, бұл жыл басынан бері орын алған үшінші оқиға. Бұған дейін 2 бала көпқабатты тұрғын үйдің терезісінен құлап кеткен болатын.

Тағы да оқыңыз: