Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаменті Табиғатты қорғау полициясымен жыл басынан бері экологиялық құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, ескерту, жолын кесу және анықтау бағытында ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар жүргізілді.

Атқарылған жедел-профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде, табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы – 390 дерегі тіркелді. Оның ішінде, 29 қылмыстық және 361 әкімшілік құқық бұзушылықтар.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 382-бабы (жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) барлығы 207 құқық бұзушылық дерегі анықталды.

Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да
су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1,2,3,4-бөліктерімен 121 дерегі тіркелді.

Сонымен қатар, осы жылдың басынан Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар мен өзгерістер еңгізілуіне байланысты, осы кодекстің 381-1 бабының 1-бөлігімен (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау қағидаларын бұзу) 10 құқық бұзушылық дерегі анықталып, заңды шешім қабылдау үшін сот органдарына жолданды.

ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша, құқық қорғау органдарынын құзырлығына жатпауына байланысты, кесуге тиым салынған «сексеуіл» ағаштарын тасымалдап келе жатқан 23 автокөлік ұсталып, барлығы Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына заңды шара көру үшін жолданды.

Жыл басынан бері облыс көлемінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылыққа қатысты барлығы 29 қылмыстық іс қозғалды. 

Оның ішінде, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін зансыз алу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабымен 9, заңсыз аңшылық жасағандары үшін ҚР ҚК-нің 337-бабы бойынша 2020 жылы 8, ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қауіпi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе  дериваттарымен заңсыз айналысу) 8, және ҚР ҚК-нің 340-бабымен (заңсыз ағаштарды кесу) 4 қылмыстық іс қозғалды.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасын табуда.

Тағы да оқыңыз: