Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Волонтер жылын» нәтижелі іске асыру мақсатында «Syr Volonterlary» орталығы ашылды.

Орталық Волонтер жылы аясындағы 7 бағыт бойынша онлайн форматта жұмыстар жүргізетін болады.
Атап айтқанда:

  1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау шараларына волонтерлерді тарту бойынша «Birgemiz: Asyl mura».
  2. Жоғалған адамдарды іздеу, зілзала қауіп-қатерін азайту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша «Birgemiz: Úmit».
  3. Оқушылар мен студент жастарға үйірмелер, компьютерлік сауаттылықты арттыратын онлайн сабақтар мен курстар өткізуге бағытталған «Birgemiz: Bilim».
  4. Онкологиялық диспансерлерде, ауруханалардағы науқастарға медициналық көмектер беруге бағытталған «Birgemiz: Saýlyq».
  5. Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалап, ағаш отырғызуға бағытталған «Birgemiz: Taza Álem».
  6. Қарттар үйлеріне, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған «Birgemiz: Qamqor».
  7. Өмірде қиын жағдайға тап болған жастарға, жас отбасыларға көмек беруге бағытталған «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобалары бойынша.**
    Орталықтың жұмысына өңірдегі азаматтық қоғам институтары, жастар ұйымдарының өкілдері және облыстық ішкі саясаят, жастар саясаты, денсаулық сақтау, мәдениет, білім, жұмыспен қамту басқармаларының және төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тартылады.**
    Орталықтың мақсаты – барлық волонтерларды бір орталыққа біріктіріп, ұйымдастыру арқылы халық игілігі үшін қызмет көрсету болып табылады.
    Орталықтың мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі 4А, Темірбек Жүргенов атындағы шығармашылық үйі. Байланыс телефондары: 40-11-10, 8 (775) 561 39 42, 8 (708) 130 27 73. Волонтер боламын деген барша ынталы азаматтарды «Syr Volonterlary» орталығына онлайн жұмыс жасауға шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: