Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аталып өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аталып өтті

09.12.2019, 17:00

516 0

Kyzylorda-news.kz.  А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты салтанатты шара өтті.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен атап өтіледі. 2003 жылы 9 желтоқсан күні өткен жоғары деңгейдегі саяси конференцияда 2003 жылы 1 қарашада Бас Ассамблея қабылдаған БҰҰ-ның Жемқорлыққа қарсы Конвенциясы қол қою үшін ашылды. Құжат бойынша оған қол қойған мемлекеттер пара, бюджеттік қаражат пен жемқорлық табыстарды кәдеге жарату қылмыс деп жариялауға міндеттеледі. Конвенция барлық құрылымдары ұлттық әл-ауқатқа зиян келтіретін жемқорлық жайлаған елдер үшін өте маңызды.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов,  Қызылорда облысы әкімінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Мақсұт Нәлібаев,  «Жас Отан» жастар қанатының өкілі Шерияз Жалғасбекұлы және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Бақытжан Ниязовтың айтуынша басшылар өз қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауап береді.

«Бұдан былай, саяси мемлекеттік қызметкерлер –  министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандар әкімдері олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасан жағдайда міндетті түрде отставкаға шығуға сұрану керек.Тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда, саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын барлық өзге басшыларға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған», – дейді Бақытжан Ниязов.

Жиын соңында бейбіт елдің ертеңі үшін еңбек етіп жүрген және қоғам атынан ортақ күреске үлес қосып келе жатқан облыстың бірқатар азаматтар  марапатталды.

0

Пікір қалдыру