Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілікті» насихаттаған акция өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілікті» насихаттаған акция өтті

05.12.2019, 9:20

377 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінде сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында «Біздің ұстанымымыз: адалдық пен парасаттылық!» тақырыбында акция өткізілді.

Шараны Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды.

Акция барысында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, заң ғылымдарының магистрі Жандос Тұсмағамбетов сыбайлас жемқорлық туралы жан-жақты әңгімеледі. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауының 9-шы бағытында жемқорлықпен күрес пен заң үстемдігінің маңыздылығына ерекше тоқталды.

0

Пікір қалдыру