Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында суға шомылуға тыйым салынған аймақтарға 170 қауіпсіздік белгісі орнатылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бауыржан Ізбасаров мәлімдеді.

Төтеншеліктер бүгінде қауіпсіздік ережелерін сақтамайтындар азаймай тұрғанын және арты қайғылы жағдайлармен де аяқталатынын жеткізді. Мәселен жыл басынан бері су айдындарында 32 оқиға тіркеліп, 37 адам қаза болды. Оның 20-сы бала.

«Шомылу маусымында облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік және патрульдеу іс-шаралары ұйымдастырылуда. Рейдтік іс-шара барысында облысымыздың су айдындарында 571 рейд өткізілді. 5683 адамға судағы қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіріп, үнпарақтар таратылуда. Бүгінде қоғамдық орындарда ішімдік ішкен 174 адам жауапкершілікке тартылды. 24 адамға тыйым салынған жерлерде шомылу ережелерін бұзғаны үшін ескерту жасалды. Егер бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл салынады»,-деді Бауыржан Шірімбекұлы.

Тағы да оқыңыз: