Қызылордада студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізілді – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізілді

19.08.2022, 10:20

302 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 3 жоғарғы оқу орны, 30 арнаулы орта білім беру ұйымдары және оларға қарасты 26 студенттік жатақхана бар.

«Жастар рухы» ЖҚ студенттердің өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында жоғарғы оқу орындары және ТжКБ жанындағы студенттік жатақханаларға жүйелі мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді.

Мониторинг жүргізудің мақсаты – оқу орны ғимараттарының дайындығын зерделеу және жатақханалардың санитарлық нормаларға, тұрмыстық жағдайларға сәйкес келмейтін фактілерін анықтап, оқу орындарының басшылығына ескертулерді жою бойынша ұсыныстар беру.

Бүгін мобильді топ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық жоғары колледжі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі жатақханарына мониторинг жасалып, оқу орындарының басшыларына бірқатар ұсыныстар айтылды.

Мобильді топтың құрамында облыстық білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің статист маманы Е.Жаматов, «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиал басшысы Л.Бақтыбаева, «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы М.Жорабек, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу бөлімінің аға кеңесшісі Ә.Қазтай, «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Г.Жұмадинова бар.

Айта кетейік, жатақханаға мониторинг жұмыстары барлық аудандарда жүргізіледі.