Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық пробация есебіндегілер қайырымдылық шараларына белсене қатысып, бір-біріне көмек қолын созады.

Пробация есебіндегі тұрған  азаматтар тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті. Пробация қызметкерлері көпбалалы 4 азаматшаның үйіне барып, азық-түлік табыс етті. Көмек алған отбасылар жомарт азаматқа алғысын айтып ризашылықтарын білдірді.

«Жыл басынан есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсету барысында жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзге де ұйымдармен бірлесіп, жұмыстар атқарылды. Қыркүйек айына дейін қалалық пробация қызметінен 1105  сотталған есептен өткен. Қазіргі таңда 598 сотталған есепте тұр. Бұл азаматтардың барлығына да психологиялық, медициналық, әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілді. Бүгінгі шарада есептегі азаматтардың көмегімен 4 көпбалалы отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары жалғасын табатын болады», – деді қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Бақыт Абибуллаұлы.

Тағы да оқыңыз: